Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы жоғарғы курс студенттерімен кездесті
Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы жоғарғы курс студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ жоғарғы курс студенттерімен кездесті. Басты назар екі негізгі аспектіге – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәсіптік бағдар беруге бағытталды.
Нұрлан Арыстанов өз сөзінде ІІО қызметкерлері үшін мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктері туралы айтты. Ол 2022 жылы ведомствоның тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50%-ға артқанын атап өтті. Қазіргі уақытта 1 жыл еңбек өтілі және полиция лейтенанты атағы бар жас тергеушінің жалақысы 220 мың теңгені құрайды. 9 жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі қызметкер майор атағында 350 мың теңгеге жуық, ал облыс бойынша статистикалық орташа есеппен 300 мың теңге алады.
Тергеу басқармасының бастығы студенттерге соңғы үш жылдағы қылмыс жүйесіндегі «анти-трендтер» туралы айтып берді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың, лудоманияның, буллингтің, синтетикалық есірткіні қолдану мен таратудың алдын алу мәселелерін егжей-тегжейлі атап өтті. Сонымен бірге ол нақты қылмыстық істерден мысалдар келтірді.
Іс-шара өзекті мәселелерді талқылаумен аяқталды. Мұндай кездесулерді ПД полицейлері алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.