Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 70-ке жуық жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Ақтөбеде түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 70-ке жуық жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбенің ювеналдық полиция қызметкерлері екі күн ішінде түнгі рейд кезінде 70-ке жуық жасөспірімді ұстады. Қалалық бөлімшелердің қызметкерлері 3 және 4 қаңтарда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс орталығының көшелерінде жергілікті жұмыстар жүргізді.

Кәмелетке толмағандар түнгі уақытта компьютерлік клубтарда, аулаларда және қала көшелерінде анықталды. Заң бойынша, сағат 23:00-ден кейін олар ересектерсіз үйден тыс жерде бола алмайды.

Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналарын және оқу орындарының басшылығын полиция бөліміне шақырып, олармен профилактикалық әңгімелесулер өткізді. Сағат 23-00-ден кейін балаларын жіберген ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі, бұл шамамен 10 мың теңге.

– Кейде ата-аналар бізге ренжиді. Олар одан да неге қылмыскерлерді ұстамайсыңдар деп шу шығарады. Бірақ олар көшедегі кәмелетке толмаған адам байқаусызда жағымсыз жағдайға ұшырауы немесе жаман компанияға түсуі мүмкін екенін түсінбейді. Біздің мақсатымыз – балаларды қорғау, – деп атап өтті Ақтөбе қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Ботакөз Жалекешева.

Полиция департаменті ата-аналарды балаларын үйден тыс жерде де бақылауда ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру