Ақтөбеде жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші үш жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші үш жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Volkswagen Golf автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі 2020 жылы 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Алайда, ол өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, 2023 жылғы 11 желтоқсанда мас күйінде автокөлік руліне отырып, Ақтөбе қаласы Ломоносов көшесі мен Кереев көшесінің қиылысында үш автокөлікпен соқтығысқан.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра және алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін полицейлер жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа жіберді. Сот жүргізушіні 3 жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.