Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі 42 сотталған квотамен жұмысқа орналасты

Қызылордада пробация есебіндегі 42 сотталған квотамен жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде қазіргі таңда 600-ден астам сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылауда белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осыған орай, Қызылорда облысы әкімі өткен жылдың 29 желтоқсанында шығарылған қаулысына сәйкес пробация есебіндегі сотталған азаматтарға квота бойынша бос жұмыс орындары берілді. Осыған сәйкес, Қызылорда қалалық пробация қызметі инспекторлары жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыстарын жандандыруда.

Сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткіземіз. Осы орайда есепте тұрған сотталған азаматтар арасында түрлі шаралар, конкурстар өткізіледі. Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп, пробация қызметінде есепте қалған азаматтар қызметтік конкурстарға қатысып, жеңілдікер мен квоталар ұтып алады.

Қазіргі таңда жұмыссыз қалған сотталғандарға квота бойынша бос жұмыс орындарына берілген. Берілген квота бойынша Қызылорда қалалық пробация қызметі инспекторлары жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыруға бейімдеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру