Елордада үй қызметкері пәтерден алтын бұйымдарды ұрлап кеткен
Елордада үй қызметкері пәтерден алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға арызданып, пәтерден алтын әшекейлердің ұрланғаны туралы хабарлады. Жақында ғана отбасында жұмыс істеген үй қызметкеріне бірден күдік болған. Кешкі уақытта 26 жасар қыз үй иелерінің болмағандығын пайдаланып, екі жұп алтын сырғаны және кулоны бар алтын алқаны иеленіп, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды. Ол ұрланған алтынды ломбардқа тапсырған, ал түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бойжеткенді анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.