Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

56 жастағы Ақтөбелік азаматша карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 


Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер 56 жастағы Ақтөбедегі қоғамдық көлік тасымалдау компаниясында бір қызметкерді анықтады, ол ватсап мессенджерінде жалған ақпарат таратқан.
Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге қоғамдық көлік автобустарымен 500 адамды әкелгені туралы, ал бүгін жаңа топ студенттер күтілуде және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толып отыр деген ақпарат таратқан. Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
24 сәуір күні әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды.


Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан жалған ақпарат таратпауды жане тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру