Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі азаматтар онлайн режимде бақыланады

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар онлайн режимде бақыланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізілді.


Қызылорда облысы бойынша пробация қызметтерінің жеке құрамы да қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды.


Қармақшы аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың жаппай жиналуының және жеке адамдармен байланыста болып, коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында пробация қызметіне келіп тіркелу күндері шектетіліп, олардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу және төтенше жағдай бойынша ұялы телефон байланысы және әр түрлі мессенджерлер
арқылы онлайн тексеру жұмыстарын жүргізе бастады.


Онлайн сұхбаттасу барысында сотталған азаматтарға төтенше жағдай режимiн бұзу және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттермен, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтарған үшін жауапкершіліктері
түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру