Жетісайлық тұрғын есірткілік мас күйде ұсталды
Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, масаң күйде көшеде жүрген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-нің қызметкерлері зиянды әдеттерге үйір болған тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Еламан Абишев күнделікті қызметін атқарып жүріп, өзіне бекітілген аумақта тұрғындардың бірі қоғамдық орында масаң күйде жүргендігі жөнінде хабарлама алады. Содан бірден әрекетке көшіп, жедел ақпараттар бойынша тиісті іс-шаралар жүргізеді. Нәтижесінде күдік келтірілген тұрғын анықталып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен ұсталған азамат есірткі заты «марихуанамен» масаю күйінде екендігі белгілі болды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы міндеттемеде. Полицейлер ер адамның есірткіні қайдан алып қолданғаны бойынша, анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ғасыр дерті саналып келе жатқан есірткінің тұзағына түсіп қалмай, денсаулыққа қасақана зиян келтіруге жол бермеу керектігін айтады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жат әдеттерден аулақ болуға, өз-өзін салауаттылыққа тәрбиелеуге шақырады. Сондықтан, соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатын теріс қылықтардан аулақ жүріңіз.