1 маусым күні үйден велосипедпен шыққан оқушы қайта оралмады
Ақтөбе облысында жыл басынан бері полицияға балалардың жоғалғаны туралы 48 хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның жедел мәліметтерінде күн сайын қашып кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен балалар туралы хабарлайды. 90% жағдайда балалар өздері үйден кетеді. Кәмелетке толмағандар тұрмысы нашар отбасыларынан немесе балалар үйлерінен қашады. Әдетте, «қашқындар» жасы-7-ден 16 жасқа дейінгі балалар.
Жеті жасқа дейінгі өте кішкентай балалар ата-анасының салғырттығы салдарынан жоғалып кетеді, олар көбіне өз баласын көз алдынан жіберіп алады. Мұндай жағдайлар өте қауіпті, себебі балаларда қорқыныш сезімі жоқ. Олар көшеде ашық тұрған қақпасы жоқ құдықтарға, жыраларға түсіп кетуі мүмкін немесе адасып кетуі ықтимал.
Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеумен полиция қызметкерлері, тұрғындар мен еріктілер айналысады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең тиімді нәтиже жоғалғаннан кейін алғашқы бірнеше сағат ішінде ізін суытпай іздестіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда еріктілер үлкен қолдау көрсетеді.
– Балалар, әсіресе, үйден бірінші рет кетушілер өте қауіпті аймақта болады. Олар көшеде өзін қалай ұстау керектігін білмейді, себебі бұл бейтаныс орта, көшеде қазір ыстық, шомылу маусымы басталған уақытта суға қарай беттейді. Осыған байланысты су қоймаларына рұқсатсыз кетеді, суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерге барады, суға түсуге тыйым салынған аймақтарда жүреді. Кейбір ата-аналар балалары бірнеше күн бойы үйде болмаған кезде алаңдамайды, – дейді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов.
3 маусым күні сағат 17.40-та Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» телефонына 36 жастағы әйел хабарласып, 1 маусым күні үйден велосипедпен шыққан 9 сынып оқушы баласының қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмағанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері көршілерінен, таныстарынан сұрастырған. Жоғалған адамдардың белгілері бар бағдарлар полицияның патрульдік жасақтарына берілді. Қорытындысында, жоғалған баланы қаланың басқа аяғында өз досының саяжайынан тауып алған. Кәмелетке толмағанды үйіне жеткізіп, анасына тапсырылды.
Басқа жағдайда, «Аяла» балалар орталығынан кәмелетке толмаған бала жоғалып кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп, нәтижесінде екі күннен кейін жоғалған бала Қандыағаш қаласында досының қасынан табылды.
А. Арыстановтың айтуынша, жыл басынан бері полицияға балалардың жоғалғаны туралы 48 хабарлама келіп түскен, тек карантин режимін алып тастағаннан кейін ғана 11 хабарлама келіп түскен. Жоғалған балалардың барлығы үйлеріне қайтып оралып, ата-аналарына
берілді.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата- аналардан өз балаларының қай жерде жүргенін бақылап, достарының мекен- жайы мен телефондарын біліп отыруын сұрайды.