1 маусымнан бастап тіркелген көліктердің ең танымалы қайсысы?
СҚО полицейлері 1 маусымнан бастап тіркелген ең танымал автомобиль маркаларын атады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымнан бастап тіркелген көліктердің ең танымалы қайсысы? Осындай сұрақ «Жолда қабылдау» акциясы аясында көтерілді. Кезекті «Жолда қабылдау» акциясы кезеңінде Солтүстік Қазақстан полицейлеріне 230-дан астам сұрақ келіп түсті.
26-27 тамыз аралығында ел аумағында кезекті рет өткізіліп жатқан «Жолда қабылдау» акциясына тәртіп сақшылары мұқият дайындалды. Мобильді пункттер Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында барлық санитарлық нормаларды сақтаумен жұмыс істеді, сондай-ақ әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде онлайн-кеңес беру жүргізілді. Бүгінгі таңда аса өзекті тақырып – Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі. СҚО ПД Процессингтік орталығының бастығы Әсет Мәтен 1 маусымнан СҚО-да 245-тен астам көліктің тіркелгені туралы атап өтті. Статистика сәйкес, ең көп «Toyota Camry» көлігі ресімделген, яғни 63 көлік тіркелген. Екінші орында «Honda Odyssey» – 18 көлік. Үшінші орын – «Hyundai Sonata» және «KIA Optima» 13 көліктен тіркелген.
Процессингтік орталықтың қызметкерлері Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеуге ниет білдірген азаматтар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 1 қыркүйекке дейін жүгіне алатыны туралы атап өтті.
– Бұл рәсім Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алдын ала жазылусыз жүргізіледі. Екі сағат ішінде автокөлік тіркеліп, сізге сары түсті мемлекеттік нөмір беріледі. Қандай да бір себептермен көлігін тіркеуге келе алмайтын азаматтар сенімді адамдарға берілген сенімхаттың негізінде ресімдей алады. Армения Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеу желісі бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мереке күндері – 30 және 31 тамыз күдері де жұмыс істейді. СҚО ПД Процессингтік орталығының CALL-орталығы: 8 (7152) 32-00-19; 32-00-22; 8-776-297-84-32, – деп атап өтті Әсет Мәтен.
«Жолда қабылдау» акциясы барысында қойылған сауалдардың бір бөлігі жергілікті полиция және көші-қон қызметтері жұмыстарына қатысты болды, әйткенмен, сұрақтардың басым бөлігі автокөліктерді тіркеу бойынша рәсімдерді жүргізу тәртібі жайында қойылды. Акцияның екінші күні төрт сағат ішінде облыс полицейлері 53 сауал қабылдады. Жалпы, жыл басынан «Жолда қабылдау» акциясы аясында солтүстікқазақстандық полицейлерге 1700 астам сауал келіп түсті, оның басым бөлігі қысқа мерзім ішінде шешілді.