Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 мың данадан астам белгісіз сұйықтық құйылған бөтелке тәркіленді

Павлодар облысында ауыл тұрғыны ерекше иіске ие белгісіз сұйықтық құйылған он мыңнан астам бөтелкені заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ертіс ауданының полиция қызметкерлері тінту  жүргізу кезінде жергілікті жеке кәсіпкерден ерекше иісі бар, сыйымдылығы 0,5 литр мөлдір сұйықтық құйылған алты мыңнан астам бөтелке, сондай-ақ ерекше иісі бар, сыйымдылығы 5 литр мөлдір сұйықтығы бар екі жүз елу сегіз пластикалық ыдыс тәркіледі. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214 – бабымен (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан сыйымдылығы 0,5 литр болатын 4 288 бөтелке түрлі маркалы арақ және «Fast» маркалы акцизделмейтін 6 500 қорап темекі тәркіленді.

Жалпы алғанда жеке кәсіпкерден 6 400 литрден астам сұйықтық тәркіленді. Бөтелкелерге не құйылғанын сараптама көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру