Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 қараша - ІІМ ардагерлерінің күні

10 қараша - Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күні. Ғұмырын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтарды қорғауға арнаған ардагерлердің мінсіз қызметіне құрмет күні өткен жылы бекітілген болатын, - деп хабарлайды Polisia.kz.

– Сіздер біздің жүйенің іргетасы, заң мен тәртіптің мәңгілік тірегі, жас ұрпаққа өнеге болған нағыз тұлғасыздар. Оны біз әрқашан да айтып жүреміз. Әрбіріңіз адалдықтың, ерліктің, азаматтық парыздың символысыздар, - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Ведомство ардагерлерінің қатарында Ұлы Отан соғысының, ауған соғысының ардагерлері, майдангерлер, тыл еңбеккерлері мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандар бар. Зейнетке шықса да, олардың көбі жұмысқа араласып, тәртіп сақшыларының жаңа буынын тәрбиелеуге атсалысуда.

Айта кету керек, 2023 жылдың соңында министрдің тапсырмасымен Тәлімгерлер кеңесі құрылған болатын. Республиканы қамтыған бұл бастама бүгінде нәтижелі жұмыс істеп келеді.

Аға буынның еңбегі ешқашан ұмытылмайды, керісінше ұлықталып, жастар арасында олардың тәжірибесі мен қызметке адалдығы насихатталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру