100 мыңнан астам тіркелмеген абоненттік нөмір тәркіленді - министр
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл – Ішкі істер министрлігінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық істер құрылымындағы интернет-алаяқтықтың үлесі 26%-ға жетті. 81 SIM-бокс пен 100 мыңнан астам тіркелмеген абоненттік нөмір тәркіленді. 6 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, оның ішінде 1-еуі трансұлттық. Жалған нөмірлерден келіп түсетін халықаралық қоңырауларға техникалық тосқауыл қойылды.
- "Антифрод-орталығы" аясында екінші деңгейлі банктермен бірге жүргізілген өзара іс-қимыл нәтижесінде 67 миллионнан астам алаяқтық қоңырау, 4 531 жалған сайт, жалпы сомасы 2,7 миллиард теңге болатын есепшоттар бұғатталды. Шетелдік әріптестермен бірлесіп 7 Call-орталық жойылды, елімізде 5 осындай орталықтың қызметі тоқтатылды. ІІМ бастамасымен Интерпол және 40 елдің құқық қорғау органдарының қатысуымен халықаралық арнайы операция жүргізілуде, - деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.