"102" мобильдік қосымшасы: Петропавлда полицейлер бір жылда 300-ге тарта қоңырау қабылдады
Петропавлда полицейлер бір жылда "102" мобильдік қосымшасы арқылы 300-ге тарта қоңырау бойынша шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әр адам заң мен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қоса алады. Жол жүрісі қағидаларын бұзу арқылы тротуарлар мен аулаларда көлікті қою, жолдарда апаттық жағдайлардың туындауы – петропавлдықтар осындай себептермен өз телефондарындағы "102" қосымшасын ашып, полицияға жүгінген.
Бұл полиция қызметтерін қол жетімді ететін ыңғайлы мобильдік құрал. Аталмыш қосымша жәбірленушілер мен куәгерлерге құқық бұзушылықтардың фотосын немесе бейнежазбасын қоса отырып, кез келген ыңғайлы түрде тәртіп сақшыларына жүгінуге мүмкіндік береді.
Полицейлер әр хабарламаны тексереді. Мысалы, маусым айының соңында Рижская көшесіндегі көппәтерлі үйдің ауласында ойын алаңында тұрған КамАЗ ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Жыл ішінде орталық мәдениет және демалыс саябағында көлікті қою ережелерін бұзуға қатысты 8 хабарлама тіркелді.
Бірқатар хабарлама адамдардың мас күйде гараж кооперативтерінде, облыстық балалар ауруханасының маңында ащы суды сіміріп алған соң қоқыс қалдыру түріндегі қоғамға жат қылықтар жасауымен байланысты болды.
Полицияның құзыретіне кіретін барлық қоңыраулар бойынша процестік шешімдер қабылданады. 12 айдың ішінде "102" қосымшасы арқылы полицейлер петропавлдықтардан 287 хабарлама қабылдады, расталған фактілер бойынша 248 әкімшілік хаттама толтырылды.