Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«102» операторына бір ауысымда 150 қоңырау түседі

Павлодар облысында «102» пультіне 130 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция бөліміне келіп түскен қоңыраулар саны бойынша тыныштықты бұзу туралы хабарламалар көш бастап тұр. Олардың саны 5533-ке жеткен. Сонымен қатар, жолда болған оқиғалар бойынша 2221, ұрлық фактілері бойынша мыңнан астам шақырту түскен.

– Бір «102» операторына нормативтік жүктеме ауысымына түскен 150 хабарламаны құрайды. «102» операторын шақыруды қабылдау уақыты оқиға санатына, қоңырау шалған абоненттің жағдайына, оның жергілікті жерге бағдарлануына байланысты екі-үш минутқа дейін құрайды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

– Операторлардың жұмысына кез-келген себеппен және көбінесе себепсіз тегін «102» нөмірін теретін ерекше белсенді азаматтар кедергі келтіреді. Мысалы, бір абонент 10 тамызда ұялы нөмірден «102» нөміріне 23 рет қоңырау шалды және тұтқада үнсіз қалды. Сонымен қатар, қоңырау шалып, бір сағат бойы танысының телефон желісін алмай жатқанын хабарлауды сұрайтын азаматтар да бар. Ал бұл уақытта көмекке зәру адамдар, хабарласа алмайды, – дейді тәртіп сақшылары.

Қаладағы қауіпсіздікті бақылау 117 камераның көмегімен жүргізіледі. Олар қоғамдық орындарда және елорданың ең көп жүретін қиылыстары мен көшелерінде орнатылған.

– Нақты уақыттағы бейнебақылау жүйелері операторларға облыс орталығында болып жатқан оқиғаларды бақылауға және кез келген құқыққа қарсы әрекеттерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, камералар қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға, сондай-ақ олардың алдын алуға айтарлықтай ықпал етеді. Жыл басынан бері Павлодар қаласының жедел басқару орталығының қызметкерлері 78 қылмысты анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осы жылдың жеті айында облыс орталығында 14 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп түйіндеді Данияр Бек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру