Қызылордада такси жүргізушісі жолаушының телефонын ұрлап кетті
Қызылордада такси жүргізушісі жолаушының телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.
6 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында көлігіне отырған жолаушының Samsung А-32 телефонын ұрлап кеткен жүргізушіні іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.