Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

11 адам алғаш рет жеке куәліктерін алды

Қызылордада ескі үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 11 азаматқа алғаш рет жеке куәлік берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының азаматтық және есепке алу бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облысының аумағында жеке басын куәландыратын құжатсыз, яғни ескі үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 11 адамды анықтап, оларды құжаттандырды.

Мысалы, Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дүниеге келген 71 жастағы тұрғын және 49 жастағы азамат 1974 жылғы ескі үлгідегі КСРО паспорттарын жоғалтып алып, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алмаған. Аталған азаматтардың құжаттары ресімделіп, олар алғаш рет жеке куәлікке ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру