Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ардагерге көмек көрсетті

Боран сәл бәсеңдегенімен төпелеп жауған қар аулалар мен көше жолдарын басып, көлік түгілі адам аяқ алып жүре алмайтын халге жеткені белгілі. Күндіз-түні тынымсыз қызмет еткен коммуналдық қызметкерлермен қоса, мемлекеттік мекемелердің де мамандары қармен күресуге білек сыбана кірісіп жатыр. Мәселен, Шет аудандық полиция мен тергеу бөлімінің қызметкерлері қала тазалығын қолдады. Бір сәт қолдарына күрек алып, саналы ғұмырын құқық қорғау органына арнап, бүгінде зейнет жасына шыққан 3 ардагердің үйлеріне арнайы барып, ауладағы қарын тазалауға көмектесті.

«Жарты ғұмырын еліне қызмет етуге арнап,ішкі істер саласы қызметінің қыр-сырын үйреткен ардагерге көмек қолын создық. Ең бастысы полицейлер бірлік танытып, үлкенге құрмет ұғымын білдіріп жатырмыз. Қолдаған барша әріптестерімізге алғысымыз шексіз»,-деді Шет аудандық полиция бөлімінің бастығы Ержан Орынбетов.

Көмек қолын созуға келген экс-әріптестеріне риза болған Белген Әбітайұлы қызметтеріне жеміс тілеп, ел алғысына бөлене беріңдер деген тілегін жеткізді.

Бұл істі Абай аудандық полиция бөліміне қарасты Топар полиция бөлімінің қызметкерлері де жалғастырды. Бөлім қызметкерлері кент тұрғындарының аулаларындағы қарларын тазалап, ретке келтірді.

Айта кету керек қаңтар айының 23-24 күндері болған боран кезінде облыстардағы автожолдарда жүзден астам тәртіп сақшысы қызмет атқарып, 30 адам мен 115 автокөлікті қар құрсауынан алып шыққан болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру