Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда тұрғын дүкеннен 13 мыңның коньягін ұрлап кетті

Теміртауда тұрғын дүкеннен 13 мыңның коньягін ұрлағап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласқан. Арызданушы дүкендердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтін болып шықты. Ол белгісіз біреу құны 13 мың теңгеден асатын коньякты ұрлап кеткенін айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сауда нүктесінде орнатылған бейнебақылау камерасын қарау кезінде ұрының бет бейнесі анық көрінді.

2 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру