Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

13 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды

13 жылдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылы Арқалық маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Операция барысында сегіз адам қамауға алынды, бірақ күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген. 

Іздеу жұмыстарын тоқтатпаған тәртіп сақшылары қаскүнемді құрықтады. Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жүргізілген жеделіздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру