Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

14 тамыз — жауынгерлік дайындық күні

14 тамызда Қазақстанның әскери күнтізбесінде жауынгерлік дайындық күні — Қарулы Күштерде оқу-жауынгерлік процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әскери мамандардың мерекесі атап өтіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауынгерлік дайындықтың басты мақсаты — жеке құрамның әскери-кәсіби дайындығын, моральдық-психологиялық төзімділігін және дене дайындығы деңгейін қалыптастыру және жетілдіру. Бұл процесс бөлімшелердің, әскери бөлімдер мен құрамалардың, сондай-ақ басқару органдарының қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындаудағы өзара үйлесімділігін қамтиды.

Ұлттық ұланда тактикалық-арнайы дайындық ерекше орын алады. Ол қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің теориялық және практикалық қырларын қамтитын негізгі оқу пәні болып саналады. Бұл білім мен дағдылар кешені басқа пәндер бойынша оқыту нәтижелерін біріктіріп, экипаждардың, есептоптардың, қарауылдардың, жасақтардың, бөлімшелердің, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік үйлесімділігін қалыптастырады.

Жауынгерлік дайындық сабақтары далалық және гарнизондық оқу базаларында, заманауи оқу-жаттығу кешендерін,  жаттығу құрылғыларын, техникалық оқыту құралдарын және арнайы оқу мүлкін пайдалана отырып өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру