1400-ге жуық адамға айыппұл салынды
Алматыда карантин нормаларын бұзғаны үшін 1400-ге жуық адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын хабарланғандай, азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды және 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1 мың 358 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 120-сы өткен күні анықталды.
– Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету объектілері, тамақтану және т.б.жерлер үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтік шаралар барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі , – деді Алматы полициясында.
Тәртіп сақшылары кезекті рет тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.