Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

144 полицей Жаңа жылды тәуліктік кезекшілікте қарсы алады

СҚО-да 144 полицей Жаңа жылды тәуліктік кезекшілікте қарсы алады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күшейтілген патрульден бөлек, жаңа жылдың кешінде солтүстікқазақстандықтардың түнгі тыныштығын түрлі бөліністерден кезекшілікке түсетін полицейлер күзетеді. Бұлар - жедел кезекшілер мен қалалық және аудандық полиция бөлімдеріндегі олардың көмекшілері, жауапты тексерушілер, оқиға орнына шығуға дайын жедел-тергеу топтарының мүшелері. Жұмыс орнында Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы, облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының, қабылдап-тарату орнының, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының кезекші бөлімдерінің қызметкерлері құттықтауларды қабыл алады. 1 қаңтар таңғы 8-ден ведомстволық ғимараттарды күзететін полицейлер, облыстың стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері кезекшілігін аяқтап, үйлеріне оралады. Жаңа жылдың түнінде СҚО бойынша тәуліктік кезекшілікте барлығы 114 тәртіп сақшысы қызмет атқарады.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев таңертең бейнеселекторлық кеңес режимінде кезекші бөліністерді құттықтады. Кешкісін оларды СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев құттықтап өтеді. Олардың бөлінісінің басты көмегі, Жаңа жылда жұмыста болғандары бірінші кезекте оларға деген сенімдері. Кезекші бөліністерді облыс бойынша жедел кезекші байланыстырушы буын болып табылады. Оның міндеті – күштердің іс-әрекетін үйлестіру, барлық оқиғалар жайлы ПД мен Ішкі істер министрлігі басшылығына шұғыл және нақты ақпарат беру. Бұл тек аса тәжірибелі қызметкерге сеніп тапсырылған ең жауапты кезекшілік.

- Облыс бойынша екі жыл қатарынан Максим Чернявский жаңажылдық кезекшілікке түсті, — дейді СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бақытжан Әлібеков. — 18 жыл еңбек еткен, қызметін учаскелік инспектордан бастаған ол полиция қызметінің қыр-сырын жетік біледі. Мереке түнінде облысымыз сенімді қызметкердің қарауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру