Қостанай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖААШ аясында 582-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Қостанай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖААШ аясында 582-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Облыс аумағында 9-11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.
Облыста ЖААШ өткізуге 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәулік ішінде тәртіп сақшылары 582-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 151 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзудың 20-дан астам фактісі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша төрт адам жауапқа тартылды.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция Жол қозғалысы ережелерін сақтауға көп көңіл бөледі. Облыста жылдамдықты асырғаны үшін 27-ден астам жүргізуші анықталды, 70 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.