Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мал ұрлығы жөніндегі істі тергеуде

Ақмола полицейлері мал ұрлығы жөніндегі істі тергеуде,  – деп хабарлайды Polisia. kz

Осы жылдың 14 қарашасында Ерейментау ауданының полиция бөліміне Тайбай ауылының 27 жастағы тұрғыны 14 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен бір ірі қара малын іздеуге жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сиырды Тайбай ауылының 47 жастағы тұрғынының сарайынан тапты.

Осы фактіге сәйкес 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сиыр иесіне қайтарылды. Ақмола полицейлері мал ұрлығының көпшілігі еркін жайылымнан жасалатынын атап өтті. Тәртіп сақшылары мал иелерін жайылымды ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауға, өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға шақырады: малды таңбалау, қоралар мен жануарларды ұстау орындарын нығайту, жануарлардың жолдардың жанында жайылуына жол бермеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру