Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

15 автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды

Ақмола облысының жолдарында төленбеген айыппұлдары бар 15 автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешенімен анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында Ақмола облысының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту және жазадан бұлтартпау мақсатында «Борышкер»  республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Айта кету керек, айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін қолданыстағы заңнамамен 40 күндік мерзім қарастырылған.

Айыппұлды жоғарыда көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда әкімшілік материал мемлекеттік не жеке орындаушыларға мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.Олар атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қояды.

«Борышкер» арнайы операциясын жүргізген 4 күн ішінде полиция қызметкерлері 28 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндіріп алды. «Автоураган» мобильді кешендерімен айыппұлды төлемегені үшін 15 автокөлік құралын арнайы тұрақтарға орналастырды.Оның ішінде, төленбеген салық үшін 1 автокөлік, банктердегі қарыз үшін 3 автокөлік, алимент төлеуден жалтарғаны үшін – 2 көлік тұраққа қойылды. Барлық материалдар жеке сот орындаушыларына берілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері автокөлік иелерінің төленбеген айыппұлдардың болуына, борышкерлердің тұрғылықты жеріне баруына назар салуда. Сондай-ақ «Автоураган» жылжымалы кешендерінің көмегімен әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемейтін көлік құралдарын ұстау жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Автоураган» жылжымалы кешені көліктердің нөмірі арқылы жедел анықтауға арналған, қосылған іздестіру деректер базасы бойынша шектеулері бар көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін танып, тіркейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру