150 азамат қорқор тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Алматы қаласында демалыс күндері 150 азамат белгіленбеген орындарда қорқор тұтынғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, темекі өнімдерін, оның ішінде қорқорды, қорқор қоспаларын тұтынуды болдырмау және шектеу, сондай-ақ халықтың темекі өнімдерін тұтынуға, өмірі мен денсаулығы үшін жоғары қауіп факторлары ретінде көзқарасын қалыптастыру мақсатында шаһардың полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарға мұқият назар аударады.
– Өткен демалыс күндері өткізілген рейдтің қорытындысы бойынша ойын-сауық мекемелеріне келушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) 150 әкімшілік хаттама толтырылды. Алмалы ауданында 53, Әуезов ауданында 34, Бостандық ауданында 36, Жетісу ауданында 1, Медеу ауданында 26 құқық бұзушы және т.с.с анықталды. Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы кодексінде қорқор тұтынуға тыйым салынатын орындардың, оның ішінде ойын-сауық мекемелері мен қоғамдық орындардың тізімі анықталған, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.