Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

150 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында өткен жылы 150 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2020 жылдың 12 айында Павлодар облысының 150 мыңға жуық тұрғыны қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындар жол қозғалысы ережелерін, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны, ұсақ бұзақылықтар, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін және т.б. с.с. жауапқа тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Полиция қызметкерлері 1 млрд.368 млн. теңге сомасында айыппұл салды, оның 1 млрд. теңгесі өндірілді.

Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгілі бір санына сәйкес келетін мөлшерде салынатын ақшалай өндіріп алу сомасы.

Салынған айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленуі тиіс.

Айыппұлдың жартысын істі жедел қарау кезінде 10 күн ішінде төлеуге болады. Айыппұлды ерікті түрде төлемеген немесе айыппұлды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мерзімі өтіп кеткен жағдайда мүдделі  орган айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға құқылы.

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын «Gamgor.gov.kz». сайтынан тексеруге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру