Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

1500 келі қиярды ұрламақ болған Өзбекістан азаматы қылмыс үстінде ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 1 жарым тонна қияр ұрламақ болған күдікті азаматты қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, белгісіз адамдар түнгі уақытта жылыжайда өсіп тұрған қиярын жымқырмақ болған. Қиярдың салмағы 1500 келіні құрап, жәбірленушіге 1 миллион 500 мың теңге шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдікті болып көрінген азаматтардан түсінік алды.

Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар Өзбекстан Республикасының азаматы қылмыс үстінде ұсталып бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында күдікті жас азаматтың қияр өсіретін жылыжайда жұмыс жасайтыны белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер күдікті азаматтың қылмысқа қатысы бар төрт сыбайласы барын анықтады. Оларда өз елдің азаматтары. Күдіктілер салмағы бір жарым тонна болатын қиярды жеке-жеке қапқа салып сатпақ болған. Алайда күдіктілер өз арам ойларын ақырына дейін жеткізе алмайды. Қазіргі таңда төрт сыбайласқа қатысты іздестіру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған күдікті азаматтың бас шарасы қамауда. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында, өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді. Оған қоса, мүмкіндігінше жарықтандырып, дабылқаққыштар қойыңыздар. Бұл ұрылардың жолын кеседі. Ал, ұрлық жайтының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне тез арада хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру