16 жасында соғысқа аттанған Шәкірдің ерлігі
16 жасында соғысқа аттанған сол заманның Шәкір батыры туралы не білеміз?
Шәкір Егембердиев 1925 жылы бұрынғы Қызылқұм, қазіргі Отырар ауданының Көксарай ауылында дүниеге келген. Бозбала шағында жастығына қарамай, жасыған жоқ. Кеудесін оққа тосып, жауға қарсы тұра білді. Қолына қару алып, жеңіс жолында көптеген қалаларды жаудан азат етті.
1945 жылы елге оралып, Арыс темір жол милициясына қызметке орналасты. Қызмет бабында абыройлы еңбегімен танылған оны 1966 жылы Арыс аудандық ішкі істер бөліміне қызметке шақырды. Соғыстан кейінгі қиын кезеңде учаскелік полиция инспекторы болып елдегі қоғамдық тәртіпті қадағалады.
Ұлы Жеңіс жолындағы ерлігі үшін және абыройлы қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болды. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан полиция аға лейтенанты 1999 жылы дүниеден өтті.
Өмірінің соңғы жылдарын отбасына арнады. Жұбайы Өзипамен төрт ұлды тәрбиелеп өсірді.