Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

160-қа жуық адам жылы жерге орналастырылды

Атырауда полицейлер 160-қа жуық адамды өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі бір жағдайларға байланысты тұрақты мекенжайы жоқ адамдар үшін
қыс мезгілі ауыр сынаққа айналады. Олар негізінен қараусыз қалған ғимараттар, жертөлелер, жылу құбырлары сияқты оқшау жерлерді іздеп, мекендеуге мәжбүр. Көбінесе үй-күйсіз жандар мұндай жерлерде жүріп, жарақат (күйік) алып немесе басқа да келеңсіз оқиғаларға ұрынады.

Сондықтан қаңғыбастық пен кезбелік өмір салтын  ұстанатын осындай адамдарды тауып, оларға көмек көрсету мақсатында атыраулық полицейлер ұдайы рейдтер өткізіп отырады.

Мысалы, 3 желтоқсан күні аумақты аралау кезінде учаскелік инспекторлар СМП-136 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жертөлесінде тұрып жатқан белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адамды анықтады.

50 жастағы азаматтың айтуы бойынша, қаңғыбастыққа өзінің алкогольге тәуелділігінің салдарынан ұшыраған. Полиция қызметкерлері бұл азаматты өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастырды.

– Алайда, тәжірибе көрсеткендей, арнайы оңалту курсынан өткеннен кейін мұндай адамдар жалпы қабылданған нормалар бойынша өмір сүргісі келмейді, көпшілігі бұрынғы қаңғыбастық өмір салтына қайта оралады», – дейді Атырау қаласы Полиция басқармасының инспекторы Қобылан Мамитан.

Атырауда жыл басынан қайта әлеуметтендіру орталығына 160-қа жуық адам орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру