Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 пышақ жарасы: Бауыржан Оразбековтың өшпес ерлігі

Абай облысында ардагердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күніне орай Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген қазіргі сақшылармен қатар, ерлігімен ел есінде қалған ардагерлер де ұлықталуда. Солардың бірі – полиция ардагері Бауыржан Ержүрекұлы Оразбеков.

2001 жылғы мамыр айында пәтер ұрлығы бойынша шақыртуға барған ол қылмыстық топпен бетпе-бет келді. Басына темір ломмен соққы алып, 17 жерінен пышақталғанына қарамастан, есінен танар алдында қылмыскерлердің бірін ұстап, қалғандарының қашып кетуіне жол бермеді. Қызметтік борышына адалдығы мен ерлігі үшін Бауыржан Ержүрекұлы "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Кәсіби мереке күні Абай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров ардагердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

- Мұндай азаматтар – жас буын полицейлер үшін нағыз бағдар. Олар бізге полиция қызметі – жай жұмыс емес, бұл – өмірлік ұстаным екенін еске салады, – деді Ернар Мейрамбекұлы.

Бауыржан Оразбековтің ерлігі – жеке батырлықтың ғана емес, полиция қызметінің рухани тұғыры. Бұл – ел алдындағы антына адал, жүрегінде халқына деген сенімі берік шын батырдың тағылымды жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру