Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жастағы жасөспірімнің бес бірдей ұрлыққа қатысы бар екені анықталды

Қарағандыда дүңгіршекке ұрлыққа түскен жасөспірімнің бұдан басқа төрт бірдей ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қарашада 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің құлыпты бұзып, өзіне тиесілі дүңгіршекке ұрлыққа түскені туралы шағымданды.

Күдікті ол жерде болған барлық құнды заттарды, атап айтқанда ұялы телефонды, кофеқайнатқышты, кофе ұсақтағышты, екі қорап қант пен тұздықтарды, екі жүз стаканды ұрлап кеткен.

Шығын шамамен 200 мың теңгені құрады.

8 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдікті ретінде 17 жастағы жасөспірімді ұстап, оның осыған ұқсас төрт бірдей қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру