Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

170-тен астам ақмолалық жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен

Ақмола облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік жүргізу тәртібін арттыруға, жол-көлік жарақаттарының санын азайтуға бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. ЖПІШ өткізу 9-12 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қызметте күшейтілген режимде.
Ерекше бақылауда мотокөлік құралдарының жүргізушілері, сондай-ақ рөлде мас күйінде, жылдамдық режимінен асатын жүргізушілер және басқа да жол ережесін бұзушыларға назар аударылады.

Өткен кезеңде көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 55 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 43 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзды, ал 23 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынсыз мінген.

Сонымен қатар 170-тен астам ақмолалық жолды белгіленбеген жерден өтті.

Ақмола облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру