Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көлік ұрлаған бақташы жол апатына ұшырады

Қарағанды облысында көлік ұрлаған бақташы жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына таңғы уақытта ауданға қарасты ауылдардың бірінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлері 23 жастағы көлік жүргізушінің көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, аударылғаные анықтады. Оқиғадан соң жүргізуші қашып кетпекші болған жерінен ұсталды. 

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат ауылдағы қожалықта бақташы болып жұмыс істейді. Оқиғаға дейін ол ішімдік ішіп, қалаға барып келу мақсатында қожалық иесінің көлігінің кілтін ұрлап алып, көлікті айдап кеткен. Алайда, межелі жерге жетпей, жол-көлік оқиғасына түскен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 8,5 млн теңгені құрап отыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы 3-тармағына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру