Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

19 жастағы қыз отбасылық кикілжіңнен кейін үйінен кетіп қалған

Ордабасылық полицейлер жоғалған қызды тауып, жанұясына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Түркістан қаласындағы нағашы апасының үйіне қыдырып кеткен 2001 жылғы қызы туысының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлайды. Анасының айтуынша, қыз кешкі сағат 19:30 шамасында үйден шыққан. Содан бері із-түссіз, хабарсыз кеткен.

Аталған хабарлама бойынша Ордабасы АПБ-нің полицейлері тез арада іске кірісті. Қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын маңдарды аралап, қыздың баруы мүмкін деген жерлері мен таныстарына сұрау салды. Тәртіп сақшыларының жүйелі жұмыстары оң нәтиже беріп, бір тәуліктен соң, қыздың өз ауылында сыныптасының үйінде екендігі анықталдыТергеу барысында 19 жастағы қыз, отбасылық кикілжіңдерден шаршап, ата-анасына ренжіп, бірінші күні Шымкент қаласындағы танысының үйіне барып, қонғаны белгілі болды. Одан кейін, келесі күні өзінің ауылына келіп, ата-анасына ескертпестен сыныптас құрбысының үйінде болған. Осылайша полицейлер ақпарат көздері арқылы қыздың тұрған мекен-жайын анықтап тауып, анасына табыстады. Сонымен қатар, полицейлермен бұл қыздың бұрын да осылай бір рет үйінен кетіп қалып, табылғаны анықталды.

Қыздың анасы Ордабасы АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын аман-есен тауып бергендері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру