2 мыңға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті
Түркістан облысында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық —татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Марафонға облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық түрлі сала мамандары, полицейлер, еріктілер мен тұрғындар қатысты.
Аталған шарада Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Юсупов І орынды, ал Асылбек Ибрагимов ІІІ орынды қанжығалады.
https://youtube.com/shorts/15_glG-Z8v4
Одан бөлек, есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері де марафонға өз үлестерін қосып, жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған еріктілер мен бірқатар тұрғынды арнайы дипломмен марапаттады.