Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“20 игі іс” акциясы жалғасуда

Ең ғажайып мереке – Жаңа жыл қарсаңында павлодарлық полицейлер “20 игі іс” акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияға Павлодар облысының ПД барлық бөлімшелердің қызметкерлері қатысуда. Май ауданының полицейлері эстафетаны Екібастұздық әріптестерінен қабылдады. Өз мундирлері мен погондарын Аяз ата мен Ақшақардың костюмдеріне ауыстырып, олар өздерінің әріптесі Айымгүл Абдугаликованың балаларын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Қонақтарды балалар асыға күтті, балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, олар өз кезегінде балаларды тәтті сыйлықтармен қуантты.

8 жасар Айсәуле мен 3 жасар Муслим Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің армандары туралы айтып берді, демек, келесі жаңа жылда полиция қызметкерлері олардың армандарын орындауға тырысады.

– Біз осы сиқырлы мерекені асыға күтеміз. Әсіресе оны балалар күтеді. Мереке қарсаңында әр баланың өзін ерекше сезініп, ертегіге сенуі өте маңызды және біз балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Өйткені, жаңа жыл – ертегілер мен сиқырдың уақыты. Дәл осы баға жетпес естеліктер үшін, осы ерекше сәттер үшін барлығы осы мерекені жақсы көреді, – дейді полицейлер.

Өз кезегінде балалардың анасы Айымгүл Қадылқызы әріптестеріне көңіл бөлгендері үшін алғысын білдіріп, оған ең үлкен сыйлық — бұл балалардың бақытты көздері және балаларының сыңғырлаған күлкісі екенін атап өтті.

– Жаңа жылдық сиқырдың бұл минуттары біздің жадымызда ұзақ сақталады, – деді ол.

Өз кезегінде, облыстық Полиция департаменті ұйымдастырған “20 игі іс” акциясын Май ауданының ПБ полицейлері Ақсу қаласының ПБ әріптестеріне табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру