Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

200 келіге жуық заңсыз балықты ауланған қарағандылық браконьерлер ұсталды

200 келіге жуық заңсыз балықты ауланған қарағандылық браконьерлер ұсталды, – Polisia.kz.

9 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Пб-нің қызметкерлері Балқаш көлі аймағында рейдтік іс-шаралар өткізді. Тәртіп сақшлары су қоймасының жағасынан тура 300 метр қашықтықта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ УАЗ автокөлігін байқады. Автокөлік жолсыз жермен жүріп, «Екатеринбург-Алматы» тас жолына өтпек болған.

Полиция 30 жастағы ер адам басқарған күдікті көлікті ұстады. Одан басқа көліктің ішінде 59 және 50 жастағы екі жолаушы болған.

Тексеру барысында полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 200 келіге жуық әр түрлі балық түрлерін тапты. Келтірілген шығын мөлшері 800 мыңнан астам теңгені құрайды.
ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру