200 курсант "Спортта да, қызметте де қадам сайын алға" акциясын қолдады
Алматы академиясының 200 курсанты "Спортта да, қызметте де қадам сайын алға" акциясын қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Спортта да, қызметте де қадам сайын алға" акциясы аясында ІІМ Алматы академиясы 10 шақырымдық кроссты ұйымдастырды. Жүгіру Үлкен Алматы өзенінің жағасында басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталды.
- Біз әрқашан білім алушылардың дене және моральдық дайындығын бірінші орынға қоямыз, өйткені полиция қызметі тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар төзімділіктің, ақыл-ойдың және денсаулықтың жоғары деңгейін талап етеді. Бұл шараға қатысқан курсанттар қызметте де, спортта да кез келген қиындықты жеңуге дайын екендіктерін көрсетті, - деп бөлісті Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары Ельнар Жақиянов.
Естеріңізге сала кетейік, "Спортта қызметтегідей" акциясына ІІМ ұйытқы болып, полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қолдау стратегиясының бөлігі ретінде жүзеге асыруда. ІІМ Алматы академиясы өз кезегінде жеке құрам мен білім алушылар арасында салауатты және үйлесімді өмір салтын қалыптастыру үшін көптеген спорттық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды белсенді қолдайды және іске асырады.
- Спорт пен полиция қызметі - бұл ажырамас ұғымдар, және біздің міндетіміз ІІМ-нің болашақ және қазіргі қызметкерлеріне салауатты өмір салты, жауапкершілік және тәртіп мәдениетін сіңіру. Бұл тек тұрақты жұмыс жүргізу арқылы мүмкін, - деп атап өтті Жақиянов.
Әзірге ІІМ Алматы академиясының бірінші курс курсанттары алғаш рет осындай ұзақ қашықтықты еңсерді. Айта кетейік, курсанттармен қатар бұл акцияға оқытушылар, тыңдаушылар, сондай-ақ академия қызметкерлері мен ІІМ ардагерлері қатысуда.