Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мас ер адам өзгенің көлігін ұрлап кеткен

Шымкентте мас ер адам өзгенің көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Оқиға жексенбі күні таңғы уақытта болған.

Достарымен өткізген көңілді бас қосудан кейін 29 жастағы тұрғын бөтеннің көлігін айдап кетуді шешкен. Жақын маңда тұрған “99” бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.

Көлігінің жоғалғанын көрген иесі осы оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған. Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті.

Ұрланған көлікті қаскөй Туран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдына қалдырғаны белгілі болды. Жолын жаяу жалғастырған азаматты патрульдік полицейлер ұстады.

Ол масаң күйде болғанын алға тартып, ақталғысы келді. Ер адамның мас халін медициналық куәландыру растағаннан кейін, ол ӘҚБтК-ке сәйкес 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету жайты бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру