Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2024 жылы Абай облысында полицейлер 34 ұрланған автокөлікті иелеріне қайтарды

2024 жылы Абай облысының полицейлері 34 ұрланған автокөлікті иелеріне қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері ұрланған көліктерді іздестіру және қайтару бағытында нәтижелі жұмыс жүргізуде. 2024 жылы олардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында 36 ұрланған көліктің 34-і табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Қалған екі көлікті анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, көлік ұрлықтарының басым бөлігі кешкі және түнгі уақыттарда — 20:00-ден 07:00-ге дейін орын алады. Кейбір қылмыскерлер бұл әрекеттерін мас күйінде жасайды. Ұрылардың басты нысанасына қараусыз қалған жеңіл автокөліктер, әсіресе ВАЗ маркалы машиналар айналған.

Полиция қызметкерлері көлік иелеріне сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңыздылығын ескертеді:

- Көліктеріңізді қараусыз ашық қалдырмаңыз, әсіресе қараңғы уақытта;

- Қосымша қорғау жүйелерін, рөл бұғаттағыштарын қолданыңыз;

- Автокөлігіңізді мүмкіндігінше күзетілетін тұрақтарға қойыңыз.

Құқық қорғау органдары көлік ұрлығын болдырмау мақсатында алдын алу және профилактикалық шараларды күшейтуді жалғастыруда. Полицейлер тұрғындарды қырағылыққа шақырады: егер көлігіңіз ұрланған жағдайда, дереу полицияға хабарласу – қылмыстың жедел ашылуына және мүліктің қайтарылуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру