Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2024 жылы SOS батырмалары арқылы 143 өтініш түскен: полиция әрқашан көмекке дайын

SOS батырмалары - оқыс жағдайларда көмекке жүгінуге арналған құрылғы. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды элемент.

Қазіргі уақытта республика бойынша 312 осындай батырма орнатылған. Олар қоғамдық орындарда қойылған және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда полицияға тез арада хабарласуға мүмкіндік береді.

2024 жылы SOS батырмалары арқылы 143 өтініш түскен. Тәртіп сақшыларына жүгінушілердің ең көп саны Астана қаласында — 45, Павлодар облысында — 20 және Қызылорда облысында — 18 тіркелді. Әрбір жағдайда азаматтардың сұрауына дереу ден қойылып, қажетті көмек көрсетілді.

— Полиция әрқашан көмекке дайын, — деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру