Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер екі барымташыны құрықтады

Алматы облысында полицейлер екі барымташыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24-26 мамыр аралығында Алматы облысы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға, қылмысқа қатысы бар адамдар мен топтарды анықтауға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Іс-шара барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл АПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында мал ұрлығымен айналысқан екі барымташыдан тұратын топты анықтады, – деп атап өтті ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.

Қазіргі уақытта олардың мал ұрлығына қатысты бес факт дәлелденді, зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен бес миллион теңгені құрады.

– Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп толықтырды Р. Смағұлов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру