Абай облысының полицейлері трассада қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмектесті
Абай облысында полицейлер трассада қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қазбек Аслан және Закишев Ержан Scania жүк көлігінің 43 жастағы шетелдік жүргізушісіне көмек көрсетті. Жетісу облысы Достық станциясынан Беларусь Республикасына жол жүріп бара жатқан жүргізуші Алматы – Өскемен автожолының 825 шақырымында жолдан кюветке шығып кеткені анықталды. Трассада патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары кюветке түскен ауыр жүкті байқаған.
Полиция тоқтап, жүргізушіге көмек ұсынды.
Жақын маңдағы елдімекеннен тракторды шықыртып, полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірлесіп кюветтен жолға аур жүк көлігін шығарды. Сүйреу кезінде тәртіп сақшысы жол учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ақауларды жойғаннан кейін жүк көлігінің жүргізушісі өз жолын әрі қара
Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.