СҚО-да бидай тиелген тіркеме аударылған жерде полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті
СҚО-да бидай тиелген тіркеме аударылған жерде полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ақжар ауданында жолдағы жағдайды бақылау кезінде «Көкшетау-Омбы» автожолының 151 шақырымында Shacman ауыр жүк көлігін байқап қалды. Белгілі болғандай көліктен ақау шығып, тіркемесі аударылып қалған. Абырой болғанда жүргізуші зардап шекпеді, бірақ Талшық ауылына апара жатқан бидай жол үстіне шашылды.
Көлік қозғалысы көп бұл учаскеде әр бағытта бір жолақтан ғана бар. Қаладан манипулятор шақырылды, полицейлер сол маңдағы шаруашылықтардың бірінен жүк тиегішті табуға көмектесті. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары оқиға орнында болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Жолда осындай жол-көлік оқиғасын байқаған кезде патрульдік полицейлер міндетті түрде жылдамдықты азайтуға кеңес береді: шашылған астық жол үстінде жүруді күрт төмендетеді. Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыруды сұрайды.