22 жастағы теміртаулық жігіт дос қызының атына заңсыз несие рәсімдеген
22 жастағы теміртаулық жігіт дос қызының атына заңсыз несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ-на 18 жастағы қыздан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, интернет-қосымшалардың бірі арқылы оның атына 200 мың теңге көлемінде несие берілгені туралы мәлімет келген.
Мән-жайды анықтау кезінде жәбірленушінің 22 жастағы досы жеке деректерді пайдалану арқылы несие рәсімдегені белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған күдіктіні ұстады.
ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.