22 жастағы жігіт Теміртау тұрғынының көлігінен катализаторды үптеп кетті
22 жастағы жігіт Теміртау тұрғынының көлігінен катализаторды үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйекте 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу катализаторды – автокөліктен шыққан газдарды тазалауға арналған жабдықты ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті, 22 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.