Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісіне кәсіби көмек көрсетті.

Оқиға ауа райының қолайсыздығынан орын алды: тайғақ жол салдарынан Беларусьтан Қытайға бағыт алған жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, жол шетіне соқтығысқан.

Оқиға орнына бірден Мақаншы ауданының учаскелік инспекторы Қайсар Кабиров келіп жетті. Жүк көлігін эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта, полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, басқа апаттардың алдын алу үшін көлік қозғалысын реттеді. Үйлесімді іс-қимылдың арқасында мәселе тез шешіліп, жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық туындаған жоқ.

Беларусьтік жүргізуші полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері мен кәсіби іс-әрекеттері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру