Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді

Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астана қаласы полиция департаментінің қызметтері мен бөліністерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері қаралып, басым міндеттер айқындалды.

Министр Астана – мемлекеттің бас қаласы және визиттік карточкасы ретінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелеріне мұқият қарауды талап ететінін атап өтті.

– Елорда тұрғындарының саны қазірдің өзінде бір жарым миллионнан асты, ал мегаполис өскен сайын полицияның жауапкершілігі де арта түседі. Заң және тәртіп – сіздердің жұмыстарыңыздың негізі. Тұрғындардың әл-ауқаты сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңізге байланысты, – деді Ержан Саденов.

Кеңес барысында Ішкі істер министрі Астана қаласы ПД мен оның аудандық бөліністері басшыларының есептерін тыңдап, мемлекет басшысы әділдік қағидаттарын енгізу міндетін қойғанын және профилактиканы қызметтің басты бағыты ретінде айқындағанын атап өтті.

– «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң қабылдануы жоспарлануда. Профилактика – барлық қызметтердің міндеті. Сіздердің алдарыңызға қылмыстардың алдын алу деңгейіне жету мақсаты қойылды, яғни қылмыстар олардың ойластырылу кезеңінде тоқтатылуы қажет. Бұл үйлесімділікті, бастамашылықты және нақты ұйымдастыруды талап етеді, – деді министр.

Кеңес қорытындысы бойынша Ержан Саденов елордалық полицияның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылау қажеттігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру